Есет батыр Көкіұлы (2008 ж. дейін — Павловка)Алға ауданының Павловка селосын Есет батыр Көкіұлы ауылы деп қайта атау туралы — Ақтөбе облысы Алға ауданындағы ауыл, Бесқоспа ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Алға қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1585 адам (807 ер адам және 778 әйел адам) болса, 2009 жылы 1539 адамды (783 ер адам және 756 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1603 адамды (797 ер адам және 806 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы елді мекендері