Табантал – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысының Алға, Хромтау аудандары жерімен ағады.
Бастауы Табантал ауылының шығысындағы қыраттан басталып, Бестамақ ауылы тұсында Елек өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 56 км, су жинайтын алқабы 1840 км2. Арнасы тік жарлы, жайылмасы жайпақ (0.5 км). Қар суымен қоректенеді. Басты саласы - Тамды өзені. Жылдық орташа су шығыны 3,7 м3/сек. Негізінен мал шаруашылығында пайдаланылады.Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы, 10-шы том.1977
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы өзендері Санат:Хромтау ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі