Дөң ауылдық округі — Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Дөң, Оңғар ауылдары кіреді. Орталығы – Дөң ауылы.
Тарихы Ауылдық округ Облыстық мәслихаттың жиырма төртiншi сессиясы мен облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 21 cәуірдегі N 8 шешімімен құрылды. Округ құрамына Хромтау қаласының бөлігінен құрылған Дөң ауылы мен Абай ауылдық округінің Сусановка, Қызылжар ауылдары енді.Хромтау ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы Кейін Сусановка ауылы Оңғар ауылы болып өзгертіліп, Қызылжар ауылы таратылды.
Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 3468 адамды (1766 ер адам және 1702 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Дереккөздер
Санат:Хромтау ауданы ауылдық округтері