Ақшат — Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Благодар ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы шағын ауданға айналды.Ақтөбе қаласында екі ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Географиялық орны Ақтөбе қаласынан солтүстікке қарай 10 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 395 адам (208 ер адам және 187 әйел адам) болса, 2009 жылы 418 адамды (219 ер адам және 199 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Ақтөбе қалалық әкімшілігінің таратылған елді мекендері