Зелёное — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы ауыл, Зелёнов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 16 км жерде, Деркөл өзені жағалауындағы қара жусан аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен бетегелі-бозды дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2200 адам (1086 ер адам және 1114 әйел адам) болса, 2009 жылы 1611 адамды (808 ер адам және 803 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1381 адамды (704 ер адам және 677 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы астық өсірумен айналысатын “Путь к коммунизму” ұжымшары ретінде қаланған. Оның негізінде 1996 жылдан Зеленоеде 24 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт және отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы,4 том 3 бөлімБатыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері