Ақсу (2020 жылға дейін — ВладимировкаБатыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы) — Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы, Көшім ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Перемётное ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 43 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 350 адам (176 ер адам және 174 әйел адам) болса, 2009 жылы 246 адамды (123 ер адам және 123 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 185 адамды (90 ер адам және 95 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Ауыл көшелері Абай көшесі Аққулы (Набережная) көшесі Аламан (Тупик 1) көшесі Атақоныс (Тупик 2) көшесі Әйтеке би көшесі Жерұйық (Тупик 3) көшесі Исатай Тайманов көшесі Махамбет Өтемісұлы көшесі Саржайлау (Полтавская) көшесі

Дереккөздер

Санат:Бәйтерек ауданы елді мекендері Санат:Жайық казак әскерінің тарихи елді мекендері