Абылай Әлімбетов (20.3. 1921, Шардара қаласы – 23.9.1973) – Кеңес Одағының Батыры (30.10.1943). 1921 жылы Түркістан облысының (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының) Қызылқұм ауданында кедей қазақтың отбасында дүниеге келді. Әке-шешесінен ерте айырылған Абылай жетімханада тәрбиеленді. Оңда орта білім алғанан кейін тәрбиеші болып істеді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол алғашқылардың қатарында майданға аттанды. 2-ші дүниежүзілік соғыста 69-Қызыл тулы Севск атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
Майданда Абылай қызмет еткен 73-дивизияға 16 рет алғыс жарияланған. Осы дивизиядағы 50 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. 1943 жылы 24 қыркүйекте Днепрден өту кезінде 73 гвардиялық дивизиясының қазақстандық 20 жауынгері марапатталған. Соның бірі- сержант Абылай Әлімбетовке батылдығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Брянск және Украина жерлерінде болған шайқастарда сан рет батылдық пен тапқырлықтың үлгісін көрсетті. Днепр үшін шайқаста сержант Әлімбетов өзеннің оң жағасына өтіп, қолма-қол ұрыста 15 жау әскерін өлтірді. Соғыстан кейін Мәскеудегі әскери-саяси академияны бітіріп (1955), полк командирінің орынбасары болып істеді. 1966 жылдан полковник Әлімбетов Қызылорда, Алматы, Атырау облыстарында ДОСААФ комитетін басқарды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Шардара ауданында оған ескерткіш қойылған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы Гитлершіл Германия талқандалып тізе бүккеннен кейін 1945 жылғы мамыр айында Абылай Әлімбетов жапон соғыс құмарларын талқандау жөніндегі ұрыстарға белсене қатысты. Ал өмірінің соңғы жылдары полковник атағын алған Абылай Әлімбетов Талдықорған және Гурьев облыстарында ДОСААФ облыстық комитетінің басшысы болды. А.Әлімбетов 1973 жылы кенеттен қайтыс болды. Мақтарал ауданының Киров кентіндегі демалыс саябағында рәсіммен жерленді. Асықатадағы үлкен көше, саябақ А.Әлімбетовтің есімімен аталады.
Марапаттары
Кеңес Одағының Батыры «Алтын Жұлдыз» медалі (30.10.1943; № 1630).
Ленин ордені (30 қазан 1943 ж.). II дәрежелі Отан соғысы ордені (04.10.1943). Медальдар, оның ішінде: «Әскери еңбегі үшін» медалі (21.08.1953). «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі (05.09.1945). «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жиырма жыл» мерекелік медалі (05.07.1965). «Кенигсбергті алғаны үшін» медалі (09.06.1945). «Жапонияны жеңгені үшін» медалі (30.09.1945).
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары