Иісбек Рамазанұлы Әбілмәжінов (1955 жылы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған) — кино және театр актері, театр режиссері, театр педагогы, доцент. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017).

Толығырақ Иісбек Рамазанұлы 1955 жылы 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дүниеге келген. 1980 - 1984 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "кино және драма актері" мамандығы бойынша бітірген. 1995 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "драма режиссері" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы 1984 - 1987 жылдары Абай атындағы Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының актері 1987 - 1989 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері 1989 - 2002 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік құрамында болды. 1999 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "актерлік шеберлік" факультетінің доценті 2013 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Халық әндері" кафедрасының оқытушысы. 2017 жылы ҚР Президентінінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.

Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстан театр режиссёрлері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы оқытушылары