Футболдан Еуропа чемпионаты 1968 — футболдан Ерлер арасындағы Еуропаның үшінші чемпионаты. 1968 жылы 5-10 маусым аралығында Италия қалаларында өтті. Финалдық матч екі рет ойналды. Әуелі Италия мен Югославия 1:1 есебімен тң ойнады да, екі күннен соң Италия құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетіп, тұңғыш рет құрлық чемпионы атанды. Жартылай финалда Италия мен КСРО құрамалары 0:0 есебімен тең ойнады да, жеңімпаз монета таңдау арқылы анықталып, Италияның жолы болды. Бес матчта не-бары 7 гол соғылды. Бұл финалдық турнирлер тарихындағы ең төмен нәтиже. Бұған дейін "Еуропа кубогы" деп аталып келген турнир енді "Еуропа чемпионаты" деп ресми түрде атала бастады.

Жартылай финал

3-орын үшін

Финал

Финал. Қайта ойнау

Мергендер 2 доп Драган Джаич 1 доп Луиджи Рива Анджело Доменгини Пьетро Анастази Джеффри Херст Бобби Чарльтон

Санат:Футболдан 1968 жылғы Еуропа біріншілігі