Асқар Зубайдуллаұлы Әбілдаев (16 маусым 1971 жыл, Қазақ КСР, КСРО) — Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы. 1971 жылы 16 маусымда дүниеге келген. "Қайрат", "Шахтер", "Аңсат" клубтарында ойнаған. Ұлттық құрама сапында 7 ойын өткізіп, бір гол соққан. Соңғы қызметі "Каспий" (Ақтау) клубының директоры (2018 жылы 15 қаңтар күні бұл міндеттен босатылды)
Өмірбаяны
Клубтық мансабы Қарағанды футболының түлегі. "Шахтер-Юность" клубында футбол ойнауды бастады. 1988 жылы КСРО екінші лигасындаға "Шахтер" клубына ауысты.
1991 жылға дейін Қарағандының "Шахтер" клубында ойнап, "Қайратқа" шақырылды. "Қайраттың" сапында 1991 жылы КСРО чемпионатының соңғы маусымында бірінші лигада ойнап, сегіз матчта бір доп соғады. Келесі жылы "Қайраттың" сапында Қазақстан чемпионы атанады, Қазақстан кубогын ұтып алады.
1993 жылы қаңтарда Достастық елдері кубогында "Алғамен" ойында есеп ашты. Бұл қазақстандықтардың аталмыш турнирдегі тұңғыш голы болатын.
"Қайраттың" сапында 1993 жылы маусым соңына дейін ойнап, кейін "Аңсат", "Шахтер" командаларының намысын қорғап, 1997 жылы не-бары 26 жасында карьерасын тәмамдады.
Кейінгі жылдарда Футболмен қоштасқан соң біраз уақыт мини-футболмен айналысты.
2008 жылы "Шахтер" (Қарағанды) клубының атқарушы директоры боп сайланды. 2010 жылы бір жылдай клубтың бас бапкері қызметін атқарды. 2016 жылы қайтадан Атқарушы директор қызметіне тағайындалды да, 2017 жылы шілде айында "Каспий" клубына ауыстыhttp://kaz-football.kz/fame/gf-abildayev.shtml.
Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында жеті ойын өткізді. 1992 жылы 1 маусымда Ұлттық құраманың алғашқы матчында негізгі құрамда алаңға шыққан 11 футболшының бірі. Құрама сапындағы жалғыз допты 1992 жылы 14 қыркүйекте Түрікменстан қақпасына соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
Жетістіктері
Қазақстан чемпионы: 1992 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 1995 Қазақстан кубогы: 1992
Дереккөздер
Сілтемелер Санат:16 маусымда туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншыларыСанат:Қайрат ФК ойыншыларыСанат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары