Николай Алексеевич Курганский — (1961 жылы 19 наурызда дүниеге келген) қазақстандық футболшы. Позициясы шабуылшы. 1992-94 жылдары Ұлттық құрама сапында 7 кездесуге қатысып, 2 гол соққан.

Өмірбаяны Павлодар облысы, Ермак ауданы, "Ильич жолы" колхозында дүниеге келген. Алғашқы қадамын туған аулында бастаған. Екібастұз футболының түлегі. Бүкіл карьерасында тек "Екібастұз" клубында ғана ойнаған. 1984 жылдан ойнай бастады. Клуб сапында 650 ойын өткізіп, 300 гол соққан. 102 голды 1984-91 жылдары КСРО чемпионаттарында соққан. Қазақстан құрамасының футболшылары арасында дубль жасаған (бір матчта екі гол) тұңғыш футболшы. 1992 жылы Қырғызстан қақпасына екі доп соқты. "Қазақстандық үздік мергендер" тізімінде бар. Қазіргі уақытта "Екібастұз" клубында бас бапкердің көмекшісі. Жетістіктері 1989 жылғы Қазақ ССР кубогының иегері 1993, 1998 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері 1993 жылы "Қазақстандағы жыл футболшысы" атанған.

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:1961 жылы туғандар Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Екібастұз-1979 ФК жаттықтырушылары Санат:Алфавит бойынша футболшылар