Ямайка Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол жарыстарында Ямайканың атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган - Ямайка футбол федерациясы. КОНКАКАФ және ФИФА мүшесі.

1998 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Әуелі Хорватия құрамасынан 1:3 есеімен ұтылып қалды. Ямайкалықтардың жалғыз голын Роберт Ирл енгізді. Кеелесі турда Аргентинадан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл матч жайлы кейін ресейлік "Чайф" тобы "Аргентина-Ямайка-5:0" атты бейнебаян түсірді. Соңғы турда өздері секілді дебютатнт құрама - Жапонияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Екі голды да құраманың қазіргі жаттықтырушысы Теодор Уитмор енгізді.

КОНКАКАФ кубогына 6 рет қатысып, екі рет финалға шықты - 2015, 2017. Бірақ екеуінде де жеңіліп қалды.

Кариб кубогының 6 дүркін жеңімпазы.

Құрама рекордшылары Көп ойын өткізгендер ПозицияОйыншыМатчГолЖЖ1Иэн Гудисон128101996—20092Линвал Диксон12731993—20033Теодор Уитмор120241993—20044Рикардо Гарднер11191997—20125Уоррен Барретт10801990—20006Энди Уильямс107221997—20087Дюррант Браун10201992—19988Донован Рикеттс10001999—20139Джермейн Тейлор9202004—қазірге дейін10Фабиан Дэвис8861995—2007Родольф Остин8872004—қазірге дейін

Мергендер ПозицияОйыншыГолМатчЖЖ1Лутон Шелтон35752004—20132Онанди Лоу27811995—20043Теодор Уитмор241201993—20044Энди Уильямс22971997—2008Пол Янг22491989—19976Уолтер Бойд19751991—20017Пол Дэвис18641983—19978Гектор Райт16711988—19979Пол Холл14481997—200310Деон Бертон13611997—2009 КОНКАКАФ кубогы-2015. Финал

КОНКАКАФ кубогы-2017. Финал

Санат:Ямайка Ұлттық футбол құрамасы