УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы 2012 — УЕФА Чемпиондар Лигасының 2011/12 жылғы маусымының шешуші, соңғы матчы. 2012 жылы 19 мамырда Мюнхендегі "Альянц Арена" стадионында өтті. Германияның "Бавария" және Англияның "Челси" клубтары кездесіп, негізгі және қосымша уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. Пенальтилер сериясында "Челси" 4:3 есебімен жеңіске жетіп, өз тарихында бірінші рет аталмыш турнирде топ жарды.
Матч Финалдық матчқа "Челсидің" төрт бірдей белді футболшысы сары қағаздар мен қызыл қағадардың кесірінен қатыса алмады. Олар: Джон Терри, Рауль Мейрелиш, Бранислав Иванович және Рамирес. Футболшы жетіспей жатқан соң, негізгі құрамға бұрын ешқашан Чемпиондар Лигасында ойнамаған жартылай қорғаушы Райан Бертрандты қосуға тура келді. Осылайша, Бертранд өзінің аталмыш турнирдегі дебютін финалда бір-ақ бастаған тарихтағы тұңғыш футболшы атанды.
"Бавария" да финалда Луис Густаво Диас, Давид Алаба, Хольгер Бадштубер секілді футболшылардың көмегін пайдалана алмады. Бірақ бұлар негізгі құрамның тұрақты ойыншылары болмағандықтан, "Баварияның" бұл жоғалтулары оларға оншалық әсер ете қоймады.
Матч тұтастай алаң иелерінің басымдығымен өтті. "Бавария" футболшылары Петр Чех қорғаған қақпаның кілтін ұзақ уақыт іздеді. Тек 81 минутта ғана сол қанаттан Бастиан Швайнштайгердің әуелетіп асырған добын Томас Мюллер жақын жерден баспен ұрып, торға түсірді. Бұл голдан соң "екінші нөмірде" ойнап жатқан "Челси" есепті теңестіре қояды деп ешкім ойламады. Бірақ матч бітуге бір минут қалғанда Хуан Матаның бұрыштан берген добын Дидье Дрогба баспен соғып, есепті теңестірді. Қосымша таймдарда да бавариялықтар шабуылын бәсеңдетпеді. Сондай шабуылдардың бірінде қорғаушыларға жәрдем беріп, тылда жүрген Дрогба Рибериді шалып жықты да, пенальти белгіленді. Пенальтиді орындауда "Баварияның" ең жолы ауыр футболшысы" атанған Роббен мүлт кетті. Чех соққыны қайтарды.
Пенальтилер сериясындағы алғашқы жұпта Хуан Мата қателесті де, "Бавария" алға шықты. Кейін есеп 3:2 болған сәтте "Бавария" шабуылшысы Ивица Олич қателесті, содан кейінгі жұпта Швайнштайгердің соққысы бағанадан қайтты. Шешуші соққыны Дрогба дәл соғып, "Челси" 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Фактілер "Челси" — Чемпиондар Лигасында топ жарған тұңғыш лондондық клуб. "Бавария" — финалдық матчта өз алаңында ойнаған тарихтағы тұңғыш команда.
Протокол
GK 1 Мануэль НойерRB 21 Филипп Лам (к)CB 17 Жером БоатенгCB 44 Анатолий ТимощукLB 26 Диего КонтентоDM 31 Бастиан Швайнштайгер DM 39 Тони Кроос RW 10 Арьен РоббенAM 25 Томас Мюллер LW 7 Франк Рибери CF 33 Марио Гомес Қосалқы құрам:DF 5 Даниэль ван Бюйтен DF 13 РафиньяFW 11 Ивица Олич Бапкер: Юпп Хайнкес GK 1 Петр ЧехRB 17 Жозе БосингваCB 4 Давид Луис CB 24 Гари КэйхиллLB 3 Эшли Коул DM 12 Джон Оби МикелCM 8 Фрэнк Лэмпард (К)RW 21 Саломон Калу AM 10 Хуан МатаLW 34 Райан Бертранд CF 11 Дидье Дрогба Алаңға шыққандар:MF 15 Флоран Малуда FW 9 Фернандо Торрес бапкер: Роберто ди Маттео
Дереккөздер
Сілтемелер Турнирдің ресми сайты
Санат:УЕФА Чемпиондар Лигасы 2011/12 Санат:2012 жылғы футбол Санат:Челси ФК ойындары Санат:Бавария Мюнхен ФК ойындары Санат:УЕФА Чемпиондар лигасының финалдары