Қайрат Жұмабекұлы Нұрдәулетов (6 қараша 1982 жыл, Алматы, Қазақстан, КСРО) — қазақстандық футболшы, Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы, 2012—2013 жж капитаны.
Мансабы Халықаралық Ұлттық құрама сапындағы бірінші ойынын 2003 жылы 6 маусымда Польшаға қарсы өткізді. Алғашқы голын 2007 жылы 8 қыркүйекте, Қазақстан құрамасының 100-ші матчында Тәжікстанның қақпасына соқты. Арно Пайперс Ұлттық құрамада бапкер болып тұрған кезеңде тұрақты алаңға шығып жүрді де, Бернд Шторк құрама тізгінін ұстаған соң мүлде шақырылмай қалды. 2011 жылы Мирослав Беранек мұны бірден құрамаға қайта шақырды.
2013 жылы 10 қыркүйекте Швециямен ойында капитан ретінде алаңға шықты. Бұл оның құрама сапынадғы соңғы ойыны болды.
Қазір Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабында жұмыс істейді.
Клубтық Клубтық карьерасын 2000 жылы бастады. 2001 жылы "Есіл-Богатырь" сапында ойнап жүріп, Қазақстан клубтар құрамасына мүше болып, жыл соңында Шығыс Азия ойындарында қола жүлде иегері болды. 2002 жылы "Ертіс" сапына ауысты да, сол жылы-ақ Қазақстанның үздік футболшылар қатарына енді, сонымен қатар "маусымдағы жаңа есімдердің" бірі атанды.
Кейін "Қайрат", "Тобыл", "Локомотив Астана", "Қайсар" клубтарында ойнап, 2017 жылы ақпан айында футболшылық карьерасына нүкте қойды.
Жетістіктері Командалық Есиль-Богатырь Қазақстанның қола жүлдегері 2001 Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері 2001
"Ертіс" Қазақстан чемпионы: 2003, 2004 Қазақстанның қола жүлдегері: 2002 Қазақстан кубогының финалисі: 2002
"Қайрат" Қазақстанның қола жүлдегері: 2005 Қазақстан кубогының финалисі: 2005
"Тобыл" Қазақстанның қола жүлдегері: 2007, 2008 Қазақстан кубогы: 2007 Интертото кубогының жеңімпазы: 2007
"Локомотив Астана" Қазақстан кубогы: 2010 Қазақстан суперкубогы: 2011
"Астана" Қазақстан кубогы: 2012 Қазақстанның күміс жүлдегері: 2013 Қазақстан чемпионы: 2014
Жекелей жетістіктері Үздік 22 футболшының бірі — 2002, 2007, 2010, 2011, 2012 Қазақтанның үздік жартылай қорғаушысы — 2002 Қазақстанның үздік футболшысы: 2012
Отбасы Алматы қаласында дүниеге келген. Мектепті үздік бітірген. Әйелінің аты — Динара, ұлы Мирас 2010 жылы өмірге келді.
Сыртқы сілтемелер Футболшының профилі
Санат:6 қарашада туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:ЦСКА Алматы ФК ойыншылары