Палау Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық жарыстарда Палау аралының намысын қорғайтын құрама. Океания Футбол Конфедерациясының жартылай ғана мүшесі. ФИФА-ға мүше болмағандықтан, әлем чемпионаты мен Мұхиттық аралдар чемпионатына қатыспайды. Тек аймақтық турнирлерде ғана бағын сынайды.
ОФК Чемпиондарының кубогы-1987 Құрама бірінші рет 1987 жылғы Океания чемпиондарының кубогының бірінші турнирінде бас қосты. Ол турнирде Корор футбол командасы ретінде өнер көрсетті де, алғашқы раундта Вануату Ұлттық футбол құрамасының офншыларынан құралған "Тафея" клубынан ұтылып қалды. Нәтижесінде тоғыз команданың арасында 7-ші орынға табан тіреді.
Микронезия кубогы 1998 жылы осы турнирде үшінші орын алды. 2014 жылы тағы да қатысып, алаң иелері Понпей ұлттық құрамасынан 1:3 есебімен ұтылып қалды. Қорытындысында екінші орын алды. Құраманың ең жоғары жетістігі осы күміс жүлде.
Екінші Ұлттық құрамасы Палау аралдық мемлекетінің екінші құрамасы да болған, тек бір турнирде ғана ойнаған. 1998 жылы Палау астанасы Корор қаласында өткен Микронезия кубогына қатысып, 4-ші орын алған. Сол турнирде Палаудың негізгі құрамасы да қатысып, олар үшінші орын алған.
Сілтемелер Микронезия кубогы 1998
Санат:Палау Республикасы Ұлттық футбол құрамасы