Жүнісов Бақыт Ғазизұлы (1939 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Қызылағаш ауылы) – ғалым, экономикалық ғылыми доктор (1999), проффессор (1993). Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері (2001). Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1970). Қорғалжын ауданы Абай атындағы кеңшарда телімдік механик, Целиноград ауыл шаруашылығы институтында партия комитетінің хатшысы (1978 – 80), сырттай оқыту бөлімінде проректор (1980 – 85), осы институттың Көкшетау бөлімшесінде директор (1985 – 90), Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының ректоры (1991) қызметтерін атқарған. Жүнісов 4 оқулықпен, 100-ден аса ғылыми мақаланың авторы.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1939 жылы туғандар Санат:Көкшетау облысында туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті түлектері Санат:Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының профессорлары Санат:Көкшетау ауыл шаруашылығы институтының ректорлары