Оскар Омар Мигес (; 5 желтоқсан 1927, Пайсанду, Уругвай — 19 тамыз 2006) — уругвайлық футболшы, шабуылшы. 1950 жылғы әлем чемпионы.

Ұлттық құрама сапында 1950-58 жылдар аралығында ойнады. Осы аралықта 39 ойында алаңға шығып, 27 гол соққан. Соның сегізін әлем чемпионаттарында енгізді.

Жетістіктері

Командалық Әлем чемпионы: (1)

1950

КОНМЕБОЛ чемпионы: (1)

1956

Уругвай чемпионы: (4)

1949, 1951, 1953, 1954

Жеке

Уругвай чемпионатының мергені (2): 1948, 1949 Әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан Уругвай құрамасының футболшысы: 8 гол

Сілтемелер Celesta-urus.narod.ru сайтындағы профилі Rsssf.com сайтындағы статистикасы

Санат:Уругвай футболшылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары