Монтсеррат Ұлттық футбол құрамасы (ағыл. Montserrat national football team) — халықаралық футбол жарыстарында Монтсерраттың намысын қорғайтын құрама. Басқарушы ұйым - Монтсеррат Футбол Қауымдастығы.
Тарихы 1994 жылы КОНКАКАФ-қа, 1996 жылы ФИФА-ға мүше болды. Әзірше әлем чемпионаттары мен КОНКАКАФ Алтын Кубогының финалдық турнирлеріне қатыспаған. Тіпті Кариб елдері кубогына да қатыспаған. Әлем чемпионатының іріктеуіне алғаш рет 2002 жылы қатысты. Сондан бері ӘЧ іріктеулерінде 9 ойын өткізіп, біреуінде ғана тең ойнады (2015 жылы 31 наурызда ӘЧ-2018 іріктеуінде Кюрасао құрамасымен 2:2 есебімен тең түсті, бірақ сыртта 1:2 есебімен ұтылғандықтан, жарысты жалғастыра алмады).
Әлемдегі аутсайдер құрамалардың бірі. ФИФА рейтингісіндегі ең жоғары көтерілген сатысы 165-ші орын (2014 жылы тамыз айында). Құраманың ең мықты деген футболшысы Джуниор Мендес Шотландияның үшінші дивизионында доп тепкен.
2002 жылы Бутан құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Бұл олардың жалғыз ғана солтүстік америкалық емес қарсыласы. Қалған қарсыластарының бәрі КОНКАКАФ өкілдері.
Қызықты фактілер 2002 жылы өткізілген Бутан - Монтсеррат жолдастық кездесуі жайлы "Басқа финал" атты көркем фильм түсірілді.
Соңғы кездесулері МерзіміLocationҚарсыласЕсепЖарысAttendanceMontserrat Goalscorers27 наурыз 2015Ergilio Hato Stadium, ВиллемстадКюрасао1–2ӘЧ-2018 іріктеуіЛ Тэйлор31 наурыз 2015Blakes Estate Stadium, Сент ДжонсКюрасао2–2ӘЧ-2018 іріктеуіУиллер, Вудс-Карнесс8 қыркүйек 2018Blakes Estate Stadium, Сент ДжонсСальвадор1–2КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуіЛ Тэйлор14 тамыз 2018Blakes Estate Stadium, Сент ДжонсБелиз1–0КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуіУир Дэйли16 қараша 2018Ergilio Hato Stadium, ВиллемстадАруба2–0КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуіУир Дэйли, Вудс-Карнесс22 наурыз 2019Ed Bush Stadium, Вест БайҚаймандар2–1КОНКАКАФ Ұлттар Лигасы 2019/20 іріктеуіКлуфтон, Вудс-Карнесс
Дереккөздер
Сілтемелер Құрама жайлы ФИФА сайтында Статистикасы
Санат:Монтсеррат Ұлттық футбол құрамасы