Ертіс ФК — Қазақстан Премьер Лигасында 1992-2020 жылдары үзіліссіз ойнаған Қазақстандық футбол клубы. Қазақстан Премьер Лигасында бес рет(1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Қазақстан кубогында бір рет (1997/98) жеңіске жеткен клуб.
Қаржы қиындықтарына байланысты 2020 жылғы маусым барысында чемпионаттан шығып қалды да, ұзамай таратылды.
Клубтың тарихы мен жетістіктері Клуб атауларының тарихы 1965 : Клубтың құрылуы. Атауы — «Ертіс». 1968 : Клуб атауын «Тракторға» ауыстырды. 1993 : Клуб атауын «Ансатқа» ауыстырды. 1996 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды. 1999 : Клуб атауын «Ертіс-Бастауға» ауыстырды. 2000 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды КСРО чемпионаты Команда 26 КСРО чемпионатына қатысты (1965—1971, 1973—1991). Осы уақыт ішінде клуб 952 матч өткізді : +454=206-292. Өз және қарсыластардың қақпаларына соғылған доптардың қатынасы — 1319 : 928 .
Команда 1969, 1973, 1978, 1980, 1988, 1989 жылдарда аймақтық турнирлардың жеңімпазы болып табылады (2 Лига). Турнирдағы ең төмен орын — 24 (1981).
1979—1981 жылдарда команда КСРО-ның Бірінші лигасында ойнады.
Ең үлкен жеңісі — 7:1 («Металлург», Ермак, 1970) және 6:0 (7 рет). Ең үлкен жеңілісі — 0:6 («Луч», Владивосток, 1975; «Колос», Никополь, 1981)
КСРО кубогы 11 КСРО Кубогында: 37 ойын, 14 жеңіс, 5 тең есеппен біткен ойын, 18 жеңіліс, доптардың қатынасы 38 — 51.
Ең үлкен жетістігі — финалдың 1/8
Ең үлкен жеңісі - 3:1 Локомотив Мәскеу 1989 . Ең үлкен жеңілісі - 0:5 Днепр Днепропетровск 1989.
КСРО кезіндегі жаттықтырушылар Б. Каретников П. Боголюбов Э. Боярский Виктор Веретнов С. Каминский В. А. Котляров В. Гроховский В. Джулик А. Канеев Владимир Чеботарев А. Ф. Борн (1988—1990) Виктор Ярышев (1990—1993)
Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 1993 (сол кезде клубтың атауы «Ансат» болды), 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдардағы Қазақстан Премьер Лигасындағы жеңістері. Премьер Лига құрылғаннан бастап, клуб бірде-бір рет төменгі дивизионда өнер көрсетпеді..
Сонымен бірге клуб АФК Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Азиялық Чемпиондар Лигасы — Азияның ең басты әр жылдық клубтық футбол турниры, осы жарысқа ең үздік 14 азиялық чемпионаттардың жеңімпаздары қатысады (Қазақстанның УЕФА-ға кіруіне дейін). Осы беделді турнирда Ертіс ФК 2001 жылы жартылай финалға дейін жетті. Сонымен қатар команда УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарына қатысты, сол ойындарда клуб кипрлік «Омония» клубынан жеңілді.
Қазақстан чемпионаттарындағы жетістіктері
Қазақстан Чемпионы (5 — рекорд): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 Күміс иегері (4 — рекорд): 1994, 1996, 2004, 2012 Қола иегері (5 — рекорд): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016 Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 1997/98 Қазақстан Кубогының финалисі (3): 2000/01, 2002, 2012
Футболшыларының жетістіктері
1996 маусымында Виктор Антонов Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол) 2000 маусымында Нилтон Мендес Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол) 2005 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (20 гол) 2008 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (13 гол) 2012 маусымында Улугбек Бакаев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (14 гол)
Еурокубоктерде МаусымЖарысРаундҚарсыласНәт.Жалпы есеп2003/04УЕФА Чемпиондар Лигасы1QОмония (Кипр)0:0, 1:21:22009/10УЕФА Еуропа лигасы1QХаладаш (Мажарстан)0:1, 2:12:22011/12УЕФА Еуропа лигасы1QЯгеллония (Польша)0:1, 2:02:12QОлимпи (Грузия)1:1, 0:21:32013/14УЕФА Еуропа лигасы1QЛевски (Болгария)0:0, 2:02:02QШироки Бриег (Босния)3:2, 0:23:42017/18УЕФА Еуропа лигасы1QДунав (Болгария)1:0, 2:03:02QЦрвена Звезда (Сербия)1:1, 0:21:32018/19УЕФА Еуропа лигасы1QТракай (Литва)0:0, 0:10:1 Жуан әріппен жазылғандар: үйдегі ойындар
Экипировка және демеушiлер Жылдар Жасаушы2009—2013Nike2013Adidas2014Puma2015—қ.д.Nike
Клуб рекордтары Клуб гвардейцтері (Қазақстан Чемпионаты) Чернышов Владислав Геннадьевич — 250 ойын Кучерявых Андрей Александрович — 249 ойын Коноваленко Сергей Владимирович — 220 ойын Антонов Виктор Васильевич — 206 ойын Садуов Ойрат Батаевич — 192 ойын
Клуб гвардейцтері (УЕФА турнирлері) Иванов Сергей Николаевич — 8 ойын Чернышов Владислав Геннадьевич — 8 ойын Мамуту Кулибали — 8 ойын Предраг Говедарица — 8 ойын
Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері
Ең үлкен жеңістері 1992 — 6:0 («Актюбинец», Ақтөбе) 1994 — 6:0 («Болат-АМТ», Теміртау) 1996 — 6:0 («Восток», Өскемен) 1996 — 6:0 («Жігер», Шымкент) 2003 — 6:0 («Батыс» Орал) 2004 — 6:0 («Ақжайық», Орал)
Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1992 — 0:3 («Восток», Өскемен) 1996 — 0:3 («Қайрат», Алматы) 2000 — 0:3 («Жеңіс», Астана) 2000 — 0:3 («Аксесс-Голден Грейн» Петропавл) 2001 — 1:4 («Тобыл» Қостанай 2007 — 0:3 («Жетісу» Талдықорған) 2011 — 2:7 («Ақтөбе», Ақтөбе) Қазақстан кубогы 2008 — 1:4 («Восток», Өскемен)
Атақты ойыншылары
Георгий Даскалов Димитар Наков Славен Костенски Даниел Роберт де Жезус Нилтон Перейра Мендес Мұрат Тілешев Юрий Новиков Константин Еременко Александр Василевич Боян Симич Милан Николич Предраг Говедарица Александр Кадейкин
Ресми фанклуб
Клубтың фанаттық қозғалысы көп уақыт өмір сүрсе де, ресми түрде тек қана 2003 жылы құрылды. Оның атауы «Павлодарлық Фронт». Қазіргі шақта клубтың әкімшілігі клуб фанаттарына үйдегі матчтар кезінде стадионға ақысыз кіруді және көршілес қалалардағы матчтарға ақысыз көлікті қамтамасыз етедіСтатистика по фанклубу ФК Иртыш .
Атауы: «Павлодарлық Фронт» Құрылу күні: 5 қыркүйек 2003 Тіркеуде: 600 адам Фанклубтықтардың жасы: 12 жастан 65 жасқа дейін Матчтардағы сектор: 4 сектор (шығыс трибуна) Штаб-квартира: «Ертіс» ФК-ның офисі Фанклубтың телебары: «Аламан» (Майра к-сі, 11) Киімдерінің түстері: көк және ақ
Жетістіктері Қазақстан чемпионы (5): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003 Қазақстанның күміс жүлдегері (3): 1994, 1996, 2004 Қазақстанның қола жүлдегері (5): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010 Қазақстан кубогының иегері (1): 1997-1998
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайты «Павлодарлық Фронт» — клубтың ресми емес сайты, жанкүйерлердің қауымдастығы. Клубтың тарихы, клубтың барлық ойыншылары туралы ақпарат — klisf.info - да Irtysh Pavlodar — клуб жайлы қысқаша ақпарат. Қазақстандық Футбол. «Ертіс» командасы
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:2020 жылы жабылған футбол клубтары Санат:Ертіс ФК