Рақымжан Омарұлы Шаяхметов (7 қараша 1916, Сарытерек ауылы, Семей облысы, Ресей империясы — 31 қаңтар 1998) — кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағасы (1965-1971).
Өмірбаяны Арғын тайпасы, Қаракесек руының Сарым бұтағынан шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
1939 жылы Алматы зооветеринарлық институтты бітірді. 1940 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.
1939—1942 жылдары Павлодар кеңшарлар тресінің зоотехнигі, Павлодар ұжымшараралық мектебінің директоры, кеңшарлар тресі директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
1942—1947 жылдары Қазақстан К(б)П Павлодар облыстық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің, кеңшарлар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан К(б)П Павлодар облыстық комитеті кеңшарлар бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан К(б)П Павлодар облыстық комитеті мал шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып істеді.
1947—1948 жылдары Қазақстан К(б)П Қызылорда облыстық комитеті мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, хатшысының орынбасары болып еңбек етті.
1948 жылы Қазақстан К(б)П Қызылорда облыстық комитеті ауыл шаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып күн көрді.
1948—1951 жылдары Қызылорда облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
1951—1955 жылдары Ақмола облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып еңбектенді.
1955 жылдан бастап — 1960 жылдың тамызына дейін Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1960 жылдың тамызынан — 1962 жылдың маусымына дейін Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
1962 жылдың маусымынан — 1963 жылға дейін Қазақстан КП Батыс Қазақстан өлкелік комитетінің 2-хатшысы қызметін атқарды.
1963 жылдан бастап — 1964 жылдың желтоқсанына дейін Батыс Қазақстан өлкелік кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып істеді.
1964 жылдың желтоқсанынан — 1965 жылдың қарашасына дейін Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің 2-хатшысы болып еңбек етті.
1965 жылдың қарашасынан — 1971 жылға дейін Ақмола облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып күн көрді.
1971—1976 жылдары Қазақ КСР ет және сүт өнеркәсібі министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1976 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Сілтеме Рақымжан Шаяхметов. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Дереккөздер
Санат:Алматы зооветеринарлық институтының түлектері Санат:Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Батыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің хатшылары Санат:Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Орал облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 8-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIII съезінің делегаттары Санат:КОКП XXIV съезінің делегаттары