Артур Антуньеш Коимбракей ақпарат құралдарында португалша нұсқада Артур Антунис Коимбра. (; 3 наурыз 1953 жыл, Рио-де-Жанейро), Зикокей ақпарат құралдарында португалша нұсқада Зику. () — бразилиялық футболшы, бапкер. Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған. Техникасымен, дриблингімен, айып доптарын керемет орындауымен ерекшеленген тарихтағы ең ұлы футболшылардың бірі.

Мансабы Клубтық «Фламенго», «Удинезе», «Касима Антлерс» командаларында ойнады. Карьерасының басым бөлігі "Фламенгода" өтті. Тек 1983-85 жылдары итлиялық командада доп тепті. 1983-84 жылғы маусымда Италия чемпионатында 19 гол соғып, мергендер көшінде Платиниден кейін екінші орын алды. Бірақ 1985 жылы-ақ ол командадан кетіп, қайтадан "Фламенго" сапына қосылды да, 1989 жылға дейін ойнады. 1989 жылы 27 наурыз күні қоштасу ойынын өткізді. Онда "Удинезе" және әлем құрамасы өзара ойнады.

1990-91 жылдары Бразилия спорт министрі қызметін атқарды.

1991 жылы Жапонияда "Джей-Лига" құрылды да, Зико карьерасын қайта бастап, жапон клубтарында үш жылдай ойнады. 1995-96 жылдары жағажай футболында бақ сынап, ұлттық құрама намысын қорғады.

Бапкерлік карьерасында "Бунедкор" (Өзбекстан), ЦСКА (Ресей), "Олимпиакос" (Грекия) секілді бірнеше клубтар мен Жапония және Катар құрамаларын жаттықтырды.

2009 жылы 27 желтоқсанда "Маракана" стадионында Зикоға арнап ескерткіш тұрғызылды.

Ұлттық құрамада Ұлттық құрамада тұңғыш рет 1976 жылы 25 ақпанда алаңға шықты. Үш бірдей әлем чемпионатына қатысты. 1978 жылғы чемпионатта Швециямен ойында ғана негізгі құрамда алаңға шықты. Осы кездесудің соңғы минутында бразилиялықтар бұрыштан доп берді. Зико баспен ұрып гол соғып еді, Уэльс төрешісі Томас Клайв "доп бұрыштан берілген сәтте уақыт бітіп қалды" деп есептемей тастады.

Оның қатты көзге түскен додасы — 1982 жылғы турнир. Топтық кезеңде Шотландия мен Жаңа Зеландияның қақпасына гол соқты. Соңғысымен ойында дубль жасады. Екінші топтық кезеңде Аргентинамен ойында есеп ашты. Бұл кездесуде Бразилия 3:1 есебімен жеңіске жетті.

1986 жылғы біріншілікте Зико гол соға алмады. Гол соғатын мүмкіндік те болды, ширек финалдағы Франциямен ойында екінші таймда алаңға шықты да, пенальтиді соға алмады. Бұл кездесуде Бразилия пенальтилер сериясынан ұтылып қалды.

Жетістіктері Үлкен футбол

Либертадорес кубогы: 1981. Құрлықаралық кубок: 1981 Әлем чемпионатында 3-орын: 1978. Бразилия чемпионы: 1980, 1982, 1983, 1987. Рио-де Жанейро штатының чемпионы: 1972, 1974, 1978, 1979(в), 1979 (күз), 1981, 1986. Жапония чемпионы: 1993.

Жағажай футболы

Жағажай футболынан әлем чемпионы: 1995. Жағажай футболынан Америка чемпионы: 1995, 1996.

Жеке жетістіктері Оңтүстік Американың үздік футболшысы: 1977, 1981, 1982. Әлемнің үздік футболшысы («World soccer» версиясы): 1983. Италия чемпионатының үздік футболшысы: 1984. Бразилияның үздік футболшысы: 1974, 1982. Құрлықаралық кубоктың үздік футболшысы: 1981. Бразилия чемпионатының үздік мергені: 1978, 1979, 1982. Либертадорес кубоыгынң үздік мергені: 1981. Жағажай футболынан лем чемпионатының үздік мергені: 1995. «Мараканада» өткен ойындардың үздік мергені — 333 гол. «Фламенго» тарихындағы үздік мерген — 568 гол. «ФИФА 100»

Дереккөздер

Санат:3 наурызда туғандар Санат:Рио-де-Жанейрода туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:ФИФА 100 Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Касима Антлерс ФК ойыншылары Санат:Оңтүстік Американың жыл футболшылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Бунедкор ФК жаттықтырушылары Санат:Касима Антлерс ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК жаттықтырушылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК жаттықтырушылары Санат:Фенербахче ФК жаттықтырушылары Санат:Ирак Ұлттық футбол құрамасы жаттықтырушылары Санат:Бразилия жағадағы футбол құрамасы ойыншылары Санат:Жағадағы футболдан әлем чемпиондары Санат:Спорттың бірнеше түрінен спортшылар Санат:Жапония Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Катар Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары