Владимир Александрович Фомичёв (18 мамыр 1954, Алматы , КСРО) — КСРО және қазақстандық футболшы, бапкер.

Карьерасы Алматы футболының түлегі. 1972-75 жылдары "Қайрат" сапында КСРО жоғары тобында өнер көрсетті. Одан бөлек КСРО екінші лигасында "Восток", "Екібастұз" командаларында доп тепті.

1991 жылдан бапкерлікке кірісті. 2000 жылы Қазақстан Ұлттық құрамасын баптады, бірақ бір ойында ғана. Ол ойында Қазақстан құрамасы БАЭ футболшыларынан 2:5 есебімен ұтылып қалды.

2001 жылы Қазақстан клубтары құрамасын жаттықтырып, Шығыс Азия ойындарында үшінші орын алды.

Бірнеше рет Қазақстан жастар құрамасына бапкер боп тағайындалды.

Жетістіктері

Командалық

Бапкер ретінде

Қазақстанның вице-чемпионы: 1993 Шығыс Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001 (Қазақстан клубтары құрамасымен) Қазақстан кубогы: 2002

Жеке

АФК сауалнамасы бойынша Азияның үздік бапкері: 1998 қазан АФК сауалнамасы бойынша Азияның үздік бапкері: 1999, маусым.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:КСРО футболшылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Восток ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-1979 ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Екібастұз-1979 ФК жаттықтырушылары Санат:Ұлытау ФК жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Жеңіс ФК жаттықтырушылары Санат:Оқжетпес ФК жаттықтырушылары Санат:Насаф ФК жаттықтырушылары Санат:Восток Өскемен ФК жаттықтырушылары Санат:Қызылжар ФК жаттықтырушылары Санат:Тараз ФК жаттықтырушылары Санат:Каспий ФК жаттықтырушылары Санат:Машал ФК жаттықтырушылары