Дмитрий Леонидович Радченко (2 желтоқсан 1970, Ленинград, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, шабуылшы. Қазір бапкерлікпен айналысады.

Карьерасы 1990-91 жылдары КСРО құрамасы сапында екі ойын өткізді. КСРО тараған соң ТМД құрамасының бапкері Анатолий Бышовец оны құрамаға шақырған жоқ. 1992-96 жылдары Ресей құрамасының намысын қорғады.

Ресей құрамасы сапында 1994 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Топтық турнирдің соңғы кездесуінде Камерунның қақпасына соңғы голды соқты. Бұл ойында Ресей 6:1 есебімен жеңіске жеткенімен, 1/8 финалға шыға алмады.

Карьерасында КСРО, Ресей, Испания, Хорватия, Жапония клубтарында доп тепті.

Жетістіктері

Командалық

КСРО чемпионатының күміс жүлдегері. 1991 Ресей чемпионы: 1992, 1993 КСРО кубогы: 1991/1992 Ресей кубогы: 1993/1994 Жапония чемпионы: 2000 Достастық елдері кубогы: 1993 (4 ойын, 3 гол)

Сілтемелер Профилі Статистикасы Радченко Испанияда (голдары, фото, карьера, статистика) Дмитрий Радченко: «Членом „Клуба 100“ не стал из-за травм» .

Санат:КСРО футболшылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Расинг Сантандер ФК ойыншылары Санат:Депортиво Ла-Корунья ФК ойыншылары Санат:Райо Вальекано ФК ойыншылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Джубило Ивата ФК ойыншылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары