Ариза Макукула (порт. Ariza Makukula; 4 наурыз 1981, Киншаса) — португалиялық футболшы, шабуылшы. Португалия құрамасының экс-шабуылшысы.

Карьерасы "Саламанка" клубының түлегі. 2000 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастады. 2001 жылы "Леганеске" жалға берілді.

2002 жылы "Нантқа" ауысып, екі маусым ойнады. 2004 жылы "Севильяға" ауысты. 2007 жылы осы клубта жүріп құрамаға шақырту алды.

2008 жылы "Севильядан" кеткен соң жиі клуб ауыстырумен болды. 2014 жылға дейін бірнеше клубта ойнап, карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Макукула Заирде дүниеге келген. Құрамаға Луиз Фелипе Сколаридің кезінде шақырылды. Құрама сапында төрт ойын өткізіп, бір гол соқты. Жалғыз голды 2007 жылы 17 қазан күні ЕУРО-2008 іріктеуінде Алматыда Қазақстанның қақпасына соқты. Бұл ойында Португалия 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

Севилья

УЕФА кубогы: 2005–06

Сілтемелер Профилі

Санат:Португалия футболшылары Санат:Саламанка ФК ойыншылары Санат:Леганес ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Реал Вальядолид ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Химнастик Таррагона ФК ойыншылары Санат:Маритиму ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Кайсериспор ФК ойыншылары Санат:Витория Сетубал ФК ойыншылары Санат:ОФИ ФК ойыншылары Санат:Киншасада туғандар Санат:4 наурызда туғандар Санат:Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары