Анатолій Олександрович Тимощук (; 30 наурыз 1979 жыл, Луцк, Волынь облысы) — украиналық футболшы, жартылай қорғаушы. Қазір "Зенит" клубында бапкер көмекшісі боп қызмет атқарады.

Мансабы Украинаның "Шахтер", Ресейдің "Зенит", Германияның "Бавария", Қазақстанның "Қайрат" клубтарында және Украина Ұлттық құрамасында доп тепкен. 2006 жылы әлем чемпионатына, 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионаттарына қатысқан.

2013 жылы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанды. 2008 жылы "Зенит" сапында УЕФА кубогын жеңіп алды. Сол жылы УЕФА Суперкуогын да ұтты.

Еуропа чемпионаттарына Қазақстан клубтарынан барған тұңғыш футболшы (ЕУРО-2016 турниріне "Қайраттың" футболшысы ретінде барды).

Статистикасы Клубтық 1995—1997Волынь62 (8)1998—2007Шахтёр (Донецк)227 (32)1998—2001→  Шахтёр-227 (9)2007—2009Зенит (СПб)67 (10)2009—2013Бавария86 (4)2013—2015Зенит (СПб)33 (0)2015—2016Қайрат34 (1)

Жетістіктері

Командалық Шахтёр (Донецк)

Украина чемпионы (3): 2001/02, 2004/05, 2005/06 Украина кубогы (3): 2000/01, 2001/02, 2003/04 Украина суперкубогы (1): 2005

Зенит (Санкт-Петербург)

Ресей чемпионы (2): 2007, 2014/15 Ресей суперкубогы (1): 2008 УЕФА кубогы (1): 2007/08 УЕФА суперкубогы (1): 2008

Бавария (Мюнхен)

Германия чемпигны (2): 2009/10, 2012/13 Германия кубогы (2): 2009/10, 2012/13 Германия суперкубогы (2): 2010, 2012 Чемпиондар Лигасы (1): 2012/13

Қайрат (Алматы)

Қазақстан кубогы (1): 2015 Қазақстан суперкубогы (1): 2016

Жеке

Украинаның үздік футболшысы (3): 2002, 2006, 2007 Ресей чемпионатының үздігі: 2007

Сілтемелер Инстаграмы Топ-10 (sportfile.com.ua)

Санат:30 наурызда туғандар Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шахтер Донецк ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Украина футбол жаттықтырушылары