«Динамо» () — белоруссиялық кәсіпқой футбол клубы, Минск қаласынан. Клуб 1927 жылы құрылды. Өз алаңындағы ойындарын "Динамо" Олимпиада стадионында өткізеді.
Тарихы 1927 жылы 18 маусым күні смоленскілік клубтастарымен ойнап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Осы дата клубтың құрылған күні ретінде тарихта қалды.
1941 жылы тұңғыш рет КСРО чемпионатына қатысты. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ны да шарпыды да, маусым орта жолда тоқтап қалды.
Команда 1954 жылы тұңғыш жүлдесін иеленді: КСРО чемпионатында қола медальді жеңіп алды.
1982 жылы Эдуард Малафеевтің басшылығымен КСРО чемпионы атанды. Осы жылдарда командада Юрий Курненин, Александр Прокопенко, Виктор Янушевский, Михаил Вергеенко, Сергей Боровский, Петр Василевский, Юрий Пудышев, Людас Румбутис, Андрей Зыгмантович, Георгий Кондратьев, Виктор Шишкин, Виктор Сокол, Сергей Алейников, Игорь Гуринович, Игорь Белов, Юрий Курбыко, Юрий Трухан, Сергей Гоцманов секілді футболшылар ойнады.
1982-13 маусымда еурокубоктерге қатысып, чемпиондар кубогінде 1/4 финалға дейін жетті.
Тәуелсіздік алған жылдары қатарынан бес рет Беларусь чемпионы атанды (1992-95).
Стадионы Динамо Минск футбол клубы өз ойындарын «Динамо» Ұлттық олимпиада стадионында өткізеді. Сыйымдылығы 22 226 адам.
Осы стадионда 1980 жылғы Жазғы Олимпиаданың 7 футбол матчы ойнатылды.
Жетістіктері
КСРО КСРО чемпионаты (Жоғары лига)
Чемпион: 1982 Қола жүлдегер (3): 1954, 1963, 1983
КСРО чемпионаты (1 лига)
Чемпион (2): 1953, 1956 Күміс жүлдегер (2): 1951, 1975 Қола жүлдегер (2): 1974, 1978
КСРО кубогы
Финалист (2): 1965, 1986/87
КСРО футбол одағы кубогы
Финалист — 1989
БКСР чемпионаты
Чемпион (6): 1937, 1938, 1939, 1945, 1951, 1975 Күміс жүлдегер (5): 1934, 1935, 1946, 1952, 1977 Қола жүлдегер (2): 1940, 1947
БКСР кубогы
Жеңімпаз (2): 1936, 1940 Финалист: 1945
Беларусь Беларусь чемпионаты
Чемпион (9): 1992, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1995, 1997, 2004, 2023, 2024 Вице-чемпион (9): 1996, 2001, 2005, 2006, 2008, 2009, 2014, 2015, 2017 Қола жүлдегер (5): 2000, 2003, 2012, 2013, 2016
Беларусь кубогы
Жеңімпаз (3): 1992, 1993/94, 2002/03. Финалист (3): 1995/96, 1997/98, 2012/13
Беларусь кубогы (маусымдық)
Жеңімпаз: 1994
Құрлықтық
Чемпиондар кубогы 1/4 финал: 1983/84 УЕФА кубогы 1/4 финал: 1984/85 Кубок иелері кубогы 1/4 финал: 1987/88
Атаулары
«Динамо» (1927—1953) «Спартак» (1954—1959) «Беларусь» (1960—1962) «Динамо» (1963 жылдан бері)
Команда сапынан КСРО-ның үздік 33 футболшысы қатарына енгендер
Михаил Мустыгин: 1963, 1967 Эдуард Малофеев: 1963, 1965, 1967, 1968 Хуан Усаторре: 1965 Владимир Сахаров: 1968 Валерий Шавейко: 1979 Сергей Боровский: 1981, 1982, 1983, 1984 Юрий Курненин: 1982, 1983, 1984 Игорь Гуринович: 1982, 1983 Александр Прокопенко: 1982 Юрий Пудышев: 1982 Виктор Янушевский: 1980, 1982 Сергей Алейников: 1982, 1983, 1984, 1985, 1986, 1987, 1988 Пётр Василевский: 1982 Сергей Гоцманов: 1983, 1984, 1985, 1986, 1987 Виктор Шишкин: 1983 Андрей Зыгмантович: 1983, 1984, 1985, 1988, 1989 Георгий Кондратьев: 1985, 1987
Сілтемелер Фанаттарының сайты Профилі (uefa.com) Профилі Профилі 1991 жылға дейінгі статистикасы 1991 жылдан кейінгі статистикасы
Санат:Беларусь футбол клубтары