Жетісу стадионыОрналасуыСалынған1982 жылАшылған1982 жыл Қайта өңдеуден өткеніСыйымдылығы5550 КомандасыЖетісу

Жетісу стадионы — Қазақстанның Талдықорған қаласындағы көп функциялы стадион. Бұрынғы атауы — "Спартак".

Тарихы "Спартак" стадионы Талдықорғанда 1982 жылы салынған. «Жетісу» футбол командасының үй аренасы болған.

Қайта жөндегеннен кейін стадионға 5550 көрерменге дейін сыятын болды. Екі трибуна (Батыс және Шығыс) пластикалық орындықтар мен үстелдермен жабдықталған. Қайта құру барысында электронды табло орнатылған. Стадионда тренажер залы және қосымша алаң бар.

Жетісу ерлер командасынан басқа "Жетісу" дубль командасы мен "Жетісу" әйелдер футбол командасы ойнайды. Стадионда футболдан Қазақстан жастар құрамасы бірнеше үй ойындары өткізді.

Спорттық іс-шаралардан басқа, стадионда мәдени-көпшілік шаралар, эстрада жұлдыздарының концерттері болады.

Сілтемелер "Жетісу"стадионы   ФК "Жетісу"сайтында.

Санат:Қазақстан стадиондары Санат:Алматы облысы спорты Санат:Стадиондар