Жаңаөзен – Жаңаөзен қалалық газеті.
Тарихы 1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
Газет туралы ақпарат Басылымның алғашқы редакторы Мейрамбай Қибасов, одан соң А.Айдаров, Т.Жакешова, М. Ұлықпан секілді өзіндік қолтаңбасымен ел есіндегі қаламгерлер бас редакторлық етті. Қаламы ұшқыр журналистер Жоламан Айдарбаев, Темір Мыңжас, Ағиба Қатешова, Еркеш Нәрембаева, Талант Құсайынов, Закария Исағұлов, Мәлік Әндірғалиев, Игорь Левгеров, Марина Кодзоева, Базар Ботабаев, Таңсұлу Жакешова, Мұратбай Ұлықпан, Айжан Сәрсенова, Гүлсім Мұрынованың және газет құрылғалы бері газет беттеу ісімен айналысып келе жатырған Шолпан Батырханованың жемісті еңбектері зор.
Бүгінде қала өмірінде елеулі басылым 4000-ға жуық данамен таралады.
Сыртқы сілтемелер Жаңаөзен газеті туралы Санат: Маңғыстау облысы газеттері Санат:Қазақ тілді газеттер