Тимоти Филига «Тим» Кэхилл (; 6 желтоқсан 1979, Сидней) — аустралиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Аустралия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2004 жылғы ОФК, 2015 жылғы Азия чемпионы.

Мансабы Кэхилдің үш бірдей азаматтығы бар: Батыс Самоа, Аустралия, Ирландия. Әкесі — ирландиялық, анасы — самоалық. Самоа Ұлттық футбол құрамасының жастар командасында ойнаған. Бірақ кейін өзі туған отаны — Аустралия құрамасын таңдады.

"Эвертонда" ойнаған жылдары бүкіл Еуропаға танылды. "Эвертонға" 2004 жылы "Миллоулдан" ауысқан болатын. "Эвертон" сапында сегіз маусым ойнап, ешқандай жүлдеге қол жеткізе алмады, тек 2008/09 маусымда Англия кубогының финалына шықты.

"Эвертоннан" 32 жасында ғана кетіп, АҚШ-тың "Нью-Йорк Ред Буллз" командасына барып қосылды. Үш жылдай ойнап, Қытай командаларына ауысты.

Аустралия құрамасы сапында төрт бірдей әлем чемпионатына (2006—2018) қатысты (бұл Аустралия футболшылары арасындағы рекордтық көрсеткіш), сондай-ақ үш әлем чемпионатында (2006, 2010, 2014) гол соққан жалғыз аустралиялық футболшы.

2018 жылғы әлем чемпионатынан соң 39 жасында ұлттық құрамамен қош айтысты.

Жетістіктері

Командалық «Миллуолл»

Англия кубогының финалисі: 2003/04

Англия футбол лигасының финалисі: 1998/99

«Эвертон»

Англия кубогының финалисі: 2008/09

Аустралия

ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы: 2004 Азия кубогының жеңімпазы: 2015

Жеке

ОФК жыл футболшысы: 2004 Аустралия жыл футболшысы: 2008/09

Қатысқан турнирлері

ОФК Ұлттары кубогы: 2004 Жазғы Олимпиада ойындары: 2004 Конфедерациялар кубогы: 2017 Азия кубогы: 2007, 2011, 2015 Әлем чемпионаты: 2006, 2010, 2014, 2018

Санат:6 желтоқсанда туғандар Санат:Миллуолл ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ред Буллз ФК ойыншылары Санат:Самоа футболшылары Санат:Аустралия футболшылары Санат:Аустралия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан Океания чемпиондары Санат:Футболдан Азия чемпиондары Санат:Мельбурн Сити ФК ойыншылары