Хуан Альберто Скьяффино (исп/ит. Juan Alberto Schiaffino; 28 шілде 1925, Монтевидео — 13 қараша 2002) — уругвайлық футболшы, шабуылшы. 1950 жылғы әлем біріншілігінің басты жұлдыздарының бірі. 1950 жылғы әлем чемпионы.

1954 жылғы әлем чемпионатынан кейін Италия клубтарында ойнады. Италия құрамасы сапында да төрт кездесуде алаңға шықты.

1950 жылғы әлем біріншілігі 1950 жылғы әлем біріншілігінің қарсаңында ешкім Скьяффиноны құраманың жетекшісі санай қоймады. Боливиямен болған алғашқы ойында-ақ Скьяффино өзін танытып үлгерді: екі гол соқты (бірақ көп жылдардан кейін ФИФА есепшілері ӘЧ статистикаларын қайта дұрыстап қарап шыққаннан соң Хуан ол ойында 4 немесе 5 гол соққан болуы мүмкін деген әңгімелер қозғалды). Бұл ойында Уругвай 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Екінші әрі шешуші топтық турнирде соңғы ойын алдында Уругвай 3 ұпаймен екінші орында тұрды да, соңғы кездесуде Бразилияны қалайда ұтуы тиіс болды. Матчта Бразилия есеп ашты. Бірақ 67-минутта Скьяффино есепті теңестіріп, уругвайлықтардың жеңіске деген үмітін қайта оятты. 79-минутта Алсидес Хиггия екінші голды соғып, Уругвай чемпион атанды.

Осы жетістік пен керемет ойынының арқасында Скьяффино Уругвай футболы тарихындағы ең үздік ойыншы атандыhttp://www.kommersant.ru/doc.html?DocID=351146&IssueId=9346.

Жетістіктері

Әлем чемпионы (1): 1950 Уругвай чемпионы (6): 1944, 1945, 1949, 1951, 1953, 1954 Италия чемпионы (3): 1954/55, 1956/57, 1958/59 Жәрмеңкелер кубогы (1): 1960/61 Уругвай жыл футболшысы (2): 1949, 1950 Дереккөздер

Сілтемелер Қос отан, қос құрама

Санат:28 шілдеде туғандар Санат:13 қарашада қайтыс болғандар Санат:Уругвай футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Уругвай футбол жаттықтырушылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Пеньяроль ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары