Бадам – Арыс алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысының Сайрам, Ордабасы аудандары аумағында. Ұзындығы 141 км, су жиналатын алабы 4329 км2.
Бастауы Қаржан (Қоржын) тауынан бастау алып, Арыс өзеніне құяды.
Гидрологиясы Қар, жаңбыр суымен толығады. Көктемде тасиды. Жылдық орташа ағыны 4,51 м3/с. (Қараспан каналы тұсында). Өзен бойындағы Бадам бөгені мен каналдар арқылы Сайрам, Ордабасы аудандарының егістігі мен бау-бақшалары суғарылады, Шымкент қаласының кәсіпорындары сумен қамтамасыз етіледі. Өзеннің пайдалануға болатын энергет. қоры мол.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I томОңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ордабасы ауданы өзендері Санат:Сайрам ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы Санат:Төле би ауданы өзендері