Басқұдық – Шығыс Қаратау тауының оңтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері Жер көлемі 150 км2. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 17 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Басқұдық құмды аумағы Бекі-Басқұдық солтүстік қанатын алып жатыр. Мұның барлық жері сулы болып келмейді, тек терістік ойпаттары ғана сулы болады. Жер асты суының тұздылығы литріне 0,24 г-ға дейін, тұщы су құмның орталық бөлігін алып жатыр. Жер асты суы жауын-шашын суының сүзіліп өтуінен және ішінара құмды аумақ астындағы аль-сеноман шөгіндісінде ашық жер деп аталатын саңылаудан ағу арқылы көбейеді. Судың қоры - 50 л/с.Маңғыстау энциклопедиясыАтамұра баспасы, Алматы,1997
Дереккөздер
Санат:Маңғыстау облысы құмдары