Михал Билек (; 13 сәуір 1965, Прага) — чехиялық футболшы, жартылай қорғаушы. Кейін бапкерлікпен айналысты.

Мансабы Футболшылық ғұмырында чехиялық бірнеше клубта (көбіне Праганың "Спарта" командасында) және Испанияның "Бетис", чехиялық "Виктория Жижков", "Теплице" командаларында доп тепті. 2000 жылы 35 жасында футбол ойнауды доғарды. Жаттықтырушылық карьерасын осы "Теплицеде" бастады.

Чехословакия және Чехия құрамаларында ойнап, 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушысы боп қызмет атқарды. Бұл қызметке 2019 жылдың басында тағайындалды. Оған дейін Ұлттық құрамалардан 2009-13 жылдары Чехия құрамасын жаттықтырып, 2012 жылғы Еуропа чемпионатына қатыстыHard work the key, says Bílek. Қалған уақыттарда клубтық командаларға бапкерлік жасады.

Жетістіктері Ойыншы ретінде Чехословакия чемпионы: 1987, 1988, 1989, 1993 Чехословакия кубогы: 1988, 1989 Чехия кубогы: 1993, 1994 Чехословакия жыл футболшысы: 1989

Бапкер ретінде Чехия чемпионы: 2006/2007 Чехия кубогы: 2006/2007 19 жасқа дейінгі Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері: 2003 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:13 сәуірде туғандар Санат:Чехословакия футболшылары Санат:Чехословакия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Чехия футболшылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Спарта Прага ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Чехия футбол жаттықтырушылары Санат:Чехия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Астана ФК жаттықтырушылары Санат:Спарта Прага ФК жаттықтырушылары Санат:Виктория Жижков ФК ойыншылары Санат:Виктория Пльзень ФК ойыншылары Санат:Динамо Тбилиси ФК жаттықтырушылары