Араван ауданы () - Қырғызстан Республикасының Ош облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік; облыстағы аумағы ең кішкентай аудан.

Әкімшілік орталығы — Араван ауылы.

Географиясы Оңтүстігінде онымен Науқат ауданы, шығыстан Қара-Су ауданы шектеседі. Солтүстігінде Араван ауданы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Екі эксклавтан тұрады — батыстағы кішілеу Араван және шығыста үлкендеу Араван, екеуінің арасын Науқат ауданы бөліп тұрhttp://www.welcome.kg/pics/19379.gif .

Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халқының санағы бойынша аудан тұрғындарының саны 106 134 адам, соның ішінде өзбектер - 62 281 адам немесе 58,7%, қырғыздар - 42   049 адам немесе 39,6%, әзербайжандар - 760 адам немесе 0,7%, тәжіктер - 542 адам немесе 0,5%, татарлар - 135 адам немесе 0,1%.

Елді мекендері Ауданы 8 айылдық округ пен 48 ауылдық елді мекенге бөлінген Аильные округ және село Ош облысы :

Алля-Анар айылдық округі (Араван, Аччи, Жаны-Араван, Қара-Бұлақ, Сасық-Үңкір); Керме-Тау айылдық округі (Гүлбахор, Кичик-Алай, Күнделүк, Майдан-Тал, Мың-Теке, Сары-Бұлақ, Чогом); Манғыт айылдық округі (Жаны-Арық, Кесек, Қызыл-Қорған, Мангит, Телейкен); Нұрабад айылдық округі (Кайрагач-Арық, Қақыр-Пилтан, Лангар); Тео-Мойын айылдық округі (Жеке-Мисте, Керкидан, Найман, Сары-Таш, Сырт, Хауз); Тепе-Қорғон айылдық округі (Арап, Жаны-Жол, Интернационал, Кесов, Тепе-Қорған, Ұйғыр-Абад, Чертик, Янги-Абад, Янги-Юл); Чек-Абад айылдық округі (Агроном, Жақшылык, Жар-Кышлак, Кочубаев, Кукалапаш, Максим-Тобу, Пахтачи, Телейкен); Юсупов айылдық округі (Араван, Қаррақ, Қазан, Сүтқор, Эрке-кашка ).

Дереккөздер

Санат:Араван ауданы