Виктор Балютович Кумыков (12 мамыр 1963ПОЗДРАВЛЯЕМ ВИКТОРА БАЛЮТОВИЧА КУМЫКОВА С ДНЕМ РОЖДЕНИЯ!, Нальчик, КСРО) — КСРО-лық футболшы, қақпашы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы 1981-83 жылдары "Ротор" сапында, 1987 "Спартак Нальчик" сапында ойнады.

Бапкер ретінде қазақстандық, өзбекстандық футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс. Әсіресе Қазақстанда көбірек жұмыс істеді. 2011 жылы "Шахтердің" тізгінін ұстады да, қатарынан екі жыл Қазақстан чемпионатында топ жарып қана қоймай, 2013 жылы команданы Еуропа Лигасынының топтық турниріне алып шықты. Солайша "Шахтер" қазақстандық клубтар арасында еуротурнирлердің топтық турнирінде ойнаған тұңғыш клуб ретінде тарихта қалды.

2011-13 жылдары Қазақстанның үздік бапкері атанды.

2018 жылы "Атырау" бапкері боп тағайындалды. Бірақ 2019 жылы чемпионат басындағы сәтсіздіктерден соң ол қызметтен кетті.

Бапкерлік жетістіктері

Командалық «Машъал»

Өзбекстан кубогының финалисі: 2006

«Насаф»

Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері: 2009, 2010

«Шахтёр» (Қарағанды)

Қазақстан чемпионы (2): 2011, 2012 Қазақстан кубогы (1): 2013 Қазақстан суперкубогы (1): 2013

Жеке

Қазақстандағы жыл бапкері (3): 2011, 2012, 2013 Sportinfo.kz сауалнамасы бойынша жыл бапкері: 2011

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:КСРО футболшылары Санат:Ротор ФК ойыншылары Санат:Нальчик ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК жаттықтырушылары Санат:Спартак Семей ФК жаттықтырушылары Санат:Қайсар ФК жаттықтырушылары Санат:Насаф ФК жаттықтырушылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК жаттықтырушылары Санат:Ордабасы ФК жаттықтырушылары Санат:Атырау ФК жаттықтырушылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары Санат:Машал ФК жаттықтырушылары Санат:Әндіжан ФК жаттықтырушылары