Жулио Сезар Соарес Эспиндола (; 3 қыркүйек 1979https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/22412, Дуки-ди-Кашиас, Рио-де-Жанейро штаты, Бразилия) — бразилиялық футболшы, қақпашы.

Мансабы Клубтық Карьерасын "Фламенго" клубында бастап, осы клубта аяқтады. 2004 жылы Еуропаға келіп, миландық "Интернационале" сапына қосылғанымен, командадағы легионер лимиті артып кетіп, Жулио "Кьевоға" жалға кетті. Бірақ бір маусым бойы бір рет те алаңға шықпай, "Интерге" қайта оралды. Командадағы Франческо Тольдо спортпен қоштасқан соң Жулио негізгі қақпашыға айналды. 2010 жылы "Интер" чемпиондар лигасын ұтып алды да, Жулио Сезар турнирдің үздік қақпашысы атанды.

2010 жылы команда бапкерлігінен Жозе Моуриньо кеткен соң "Интердің" ойын деңгейі түсіп кетті де, белді футболшылардың көбі басқа командаларға ауысты. Жулио да "Куинз Парк Рейнджерске" өтті.

Кейін Канаданың "Торонто", Португалияның "Бенфика" клубтарында ойнап, 2018 жылы "Фламенгоға" қайта оралды. Ұзақ ойнаған жоқ, екі рет алаңға шықты да, футболмен қоштасатынын мәлімдеді.

Ұлттық құрамада Бразилия құрамасы сапында 2004 жылы 8 шілдеде тұңғыш рет алаңға шықты. Біраз жылдарға дейін негізгі құрамға Диданың көлеңкесінде қап шыға алмай жүрді де, Дида кеткен соң құраманың тұрақты қақпашысына айналды.

2014 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен соң 35 жастағы Жулио құрамамен қоштасты. Құрама сапында барлығы 87 ойын өткізді. 2010, 2014 жылдары әлем чемпионатына, 2009, 2013 жылдары Конфедерациялар кубогына, 2004, 2011 жылдары Азия кубогына қатысты.

Жетістіктері

Командалық

«Фламенго»

Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (4): 1999, 2000, 2001, 2004 Бразилия чемпиондар кубогы: 2001 Меркосур кубогы: 1999 Гуанабара кубогы (3): 1999, 2001, 2004 Рио кубогы: 2000

«Интернационале»

Италия чемпионы (4): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Италия кубогы (3): 2006, 2010, 2011 Италия суперкубогы (4): 2005, 2006, 2008, 2010 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2010 Чемпиондар лигасы: 2010

«Бенфика» (Лиссабон)

Португалия чемпионы (3): 2014/15, 2015/16, 2016/17 Португалия кубогы: 2016/17 Португалия лига кубогы(2): 2014/15, 2015/16 Португалия суперкуогы (2): 2016, 2017

Бразилия

Америка кубогы: 2004 Конфедерациялар кубогы (2): 2009, 2013

Жеке

Чемпиондар лигасының үздік қапашысы: 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Кьево ФК ойыншылары Санат:Куинз Парк Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Торонто ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары