Иро Николя Валлар (; 22 қазан 1983 жылhttp://www.oceaniafootball.com/ofc/News/ViewArticle/tabid/125/Article/a58c030e-4126-432f-8e7d-85a522e8d157/language/en-US/Default.aspx, Папеэте, Таити) — таитилік футболшы, Таити Ұлттық футбол құрамасы мен "Дрэгон" клубының қорғаушысы.

Карьерасы 2012 жылдан бері Ұлттық құраманың ойыншысы. 2012 жылғы ОФК чемпионы және сол турнирдегі "Алтын доп" иегері. Одан бөлек 2013 жылы Конфедерациялар кубогына, 2016 жылы ОФК Ұлттар кубогына қатысты.

Карьерасында Франция, Португалия, Таити, Реюньон клубтарында ойнады. Қазіргі клубы "Дрэгонға" 2010 жылы франциялық "Невиль" клубы сапынан ауысып келді.

Жетістіктері Командалық ОФК Ұлттар кубогы: 2012

Жеке ОФК Ұлттар кубогының үздік ойыншысы: 2012 Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Таити футболшылары Санат:Таити Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Дрэгон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Океания чемпиондары