Кайл Эндрю Уокер (; 28 мамыр 1990 жылhttps://ru.wikipedia.org/wiki/Transfermarkt, Шеффилд, Англия) — англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы.
Мансабы Клубтық "Шеффилд Юнайтед" клубының түлегі. 2008 жылы карьерасын осы клубта бастады. Бірақ көп ұзамай "Нортгемптон Таун" клубына жалға берілді де, маусымды сол клубта аяқтады.
2009 жылы "Тоттенхэмге" ауысты. Бірақ дереу туған клубы "Шеффилд Юнайтед" қайта жалға алды да, 2009/10 жылғы маусым аяқталғанша сонда болып, 26 кездесуде алаңға шықты.
"Тоттенхэмнің" негізгі құрамына 2011/12 жылғы маусымды ілікті. Алғашқы голын 2011 жылы 2 қазанда соқты.
2017 жылы "Манчестер Ситиге" ауысты.
Ұлттық құрама 2011 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнап келеді. 2016 жылы Еуропа чемпионатына, 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
Жетістіктері
Англия чемпионы (2) : 2017/18, 2018/19 Англия кубогы: 2018/19 Лига кубогы (2): 2017/18, 2018/19 Англия суперкубогы: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер FA Профилі Профилі
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шеффилд Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Куинз Парк Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары