Қараөзек – Сырдария алабындағы өзен (тармақ).
Географиялық орны Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 188 км.
Бастауы Сырдарияның тармағы. Сырдариядан Қараөзек ауылы тұсында бөлініп, Жосалы кенті тұсында қайта қосылады.
Гидрологиясы Аңғары қатты шайылуға ұшыраған. Алабында бірнеше ұсақ көлдер, (Бірқазан, Лайкөл, Бегінкөл, Серкеш, т.б.), қамысты батпақтар бар. Орташа жылдық су ағымы бастауында 323 м3/с, Сырдарияға қосылар тұсында 245 м3/с. Суы егін, бау-бақша шаруашылығында пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы өзендері Санат:Қармақшы ауданы өзендері Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) өзендері Санат:Сырдария су алабы