Хосе Луис Феликс Чилаверт Гонсалес (; 27 шілде 1965 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5604, Луке, Сентраль департаменті, Парагвай) — парагвайлық футболшы, Парагвай Ұлттық футбол құрамасының экс-қақпашысы.

Чилаверт жайлы фактілер Чилаверт мергендігімен де көзге түскен қақпашы. Айып доптары мен пенальтиді орындау шеберлігімен танымал болған. Карьерасында 62 голдың авторы атанған. Оның бұл рекордын 2006 жылы бразилиялық қақпашы Рожериу Сени жаңартты. Чилаверт құрама сапында 8 гол соққан (қақпашылар арасындағы рекордтық көрсеткіш).

Сондай-ақ, ол хет-трик жасаған жалғыз қақпашы (1999 жылы 8 қарашада «Велес Сарсфилд» және «Феррокариль Оэсте» командалары арасындағы ойында пенальтиден үш гол соқты).

Үш рет Америка кубогына (1991, 1993, 1997), екі рет әлем чемпионатына (1998, 2002) қатысқан.

Жетістіктері

Парагвай чемпионы (1): 1984 Аргентина чемпионы (4): Кл. 1993, Ап. 1995, Кл. 1996, Кл. 1998 Уругвай чемпионы (1): 2003 Франция кубогы (1): 2001 Либертадорес кубогы (1): 1994 Құрлықаралық кубок (1): 1994 Либертадорес суперкубогы (1): 1996 Рекопа (1): 1997

Жеке

Америкааралық кубоктың үздік футболшысы (1): 1994 Оңт. Америкадағы жыл футболшысы (1): 1996 Аргентинадағы жыл футболшысы (1): 1996 Әлемнің үздік қақпашысы: 1995, 1997, 1998 ХХ ғасырдағы үздік қақпашылар арасында 6-орын

Дереккөздер

Сілтемелер http://www.peoples.ru/sport/football/chilavert/ http://www.national-football-teams.com/player/12607.html https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/793 Санат:Парагвай футболшылары Санат:Парагвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гуарани ФК ойыншылары Санат:Сан-Лоренсо де Альмарго ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Велес Сарсфилд ФК ойыншылары Санат:Страсбур ФК ойыншылары Санат:Пеньяроль ФК ойыншылары