Мартен де Рон (; 29 мамыр 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/133179, Звейндрехт) — нидерландтық футболшы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасы мен "Аталанта" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық "Фейеноорд" және "Спарта" клубтарының кантерасына ойнаған. 2010 жылы "Спарта" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 27 наурыз күні "Твентеге" қарсы ойында тұңғыш кездесуін өткізіп, алаңда 90 минут түгел өнер көрсетті. Маусым қорытындысында "Спарта" Эредивизионнан түсіп кетті, бәрібір Мартен командада қалды. Келесі маусымда негізгі құрамға толығымен орнығып алды.
2012 жылы жазда "Херенвенге" ауысты. Клубтың бас бапкері Марко ван Бастен оны 2013 жылы команда капитаны етіп тағайындады.
2015 жылы "Аталантаға" ауысты. 2016/17 жылғы маусымды Англияның "Мидлсбро" клубында өткізді. 2017 жылы "Аталантаға" қайта оралып, бес жылдық келісім шарт жасасты.
Ұлттық құрама 2016 жылы 13 қараша күні Люксембургке қарсы ӘЧ-2018 іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты.
2018/19 жылғы УЕФА Ұлттары лигасының финалисі.
Жетістіктері
УЕФА Ұлттар Лигасының финалисі: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (soccerbase.com)
Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Спарта Роттердам ФК ойыншылары Санат:Херенвен ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Мидлсбро ФК ойыншылары