Ли Цзиньюй (Қыт. 李金羽, Lǐ Jīnyǔ, 6 шілде 1977 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/1445.html, Шэньян, Ляонин, Қытай) — қытай футболшысы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Қытай Ұлттық футбол құрамасы сапында 1997-2008 жылдары ойнады. Оған дейін Қытай жастар құрамасында да доп тепкен.
2004 жылғы Азия чемпионатына қатысқан. Клубтық "Ляонин Хувин" клубы сапында 1998 жылы кәсіби карьерасын бастады. Клуб сапында бір де бір титул ұта алмай, 2004 жылы "Шаньдун Лунэнге" ауысты. Карьерасының қалған бөлігін осы клубта өткізді.
2010 жылғы маусымда қосалқы құрамда көп отырып қалды да, маусым соңында жасы не-бары 33-те болғанына қарамастан футбол ойнауды доғарды.
2011 жылдан бері бапкерлікпен айналысып келеді.
Жетістіктері
Клубтық
Қытай суперлигасының кубогы: 2004 Қытай чемпионы: 2005, 2008, 2010
Халықаралық
Азия кубогының финалисі: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Player Stats
Санат:Қытай футболшылары Санат:Қытай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Шаньдун Лунэн ФК ойыншылары Санат:Нанси ФК ойыншылары Санат:Қытай футбол жаттықтырушылары