Эдер Габриэл Милитан (; 18 қаңтар 1998 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/401530, Сертанзинью, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының қорғаушысы. Мансабы "Сан-Паулу" клубының түлегі. 2017 жылы 14 мамырда "Крузейроға" қарсы ойында тұңғыш рет клуб сапында ресми кездесуде алаңға шықты.
2018 жылы жазда "Портуға" ауысты. 2018/19 жылғы маусымда Португалия чемпионатында 29 кездесуде алаңға шығып, екі голдың авторы атанды.
2019 жылы жазда "Портудан" "Реалға" 50 млн еуроға ауысты. Мадридтік клубпен алты жылдық келісім шарт жасасты.
Ұлттық құрама 2018 жылдан бері Бразилия Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнайды. 2019 жылғы Америка кубогына қатысты.
Жетістіктері
Клубтық Реал Мадрид
Испания суперкубогы: 2019/20 Испания чемпионы: 2019/20
Халықаралық Бразилия
Америка кубогының жеңімпазы: 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (national-football-teams) Профилі (soccerway)
Санат:Сертанзиньода туғандар Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сан-Паулу ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары