Аллан Маркес Лоурейро (; 8 қаңтар 1991 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/126422, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Наполи" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық 2009 жылы "Васко да Гама" клубымен тұңғыш кәсіби келісім шартын жасасты. Сол жылы 5 қыркүйек күні "Атлетико Гояниенсе" клубына қарсы В сериясында клубы сапында алаңға шықты да, 2012 жылы 11 наурыз күні "Мадурейраның" қақпасына тұңғыш голын соқты.
2012 жылы жазда "Удинезеге" ауысты. 2 қыркүйек күні "Ювентуске" қарсы ойында кездесу барысында Антонио Ди Наталенің орнына алаңға шығып, тұңғыш матчын өткізді. Алғашқы голын 2015 жылы 18 қаңтарда "Кальяридің" қақпасына соқты.
2015 жылы жазда "Наполи" футболшысы атанды. 30 тамыз күні "Сампдорияға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
Ұлттық құрама Бразилия құрамасы сапында 2018 жылғы қараша айынан бері ойнап келеді. 2019 жылғы Америка кубогына қатысып, құрлық жеңімпазы атанды.
Жетістіктері
Командалық «Васко да Гама»
Бразилия кубогы — 2011
Халықаралық Бразилия құрамасы
Жастар арасындағы әлем чемпионы — 2011 Футболдан Америка кубогының жеңімпазы — 2019
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары