Эмилио Бутрагеньо Сантос (, 22 шілде 1963 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/14489.html, Мадрид) — испаниялық футболшы, шабуылшы. Испания Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен. ФИФА 100 тізіміне енген.
Карьерасы 1986, 1990 жылдары әлем чемпионатына қатысқан. Әзірше әлем чемпионаттарында покер жасаған соңғы футболшы. 1986 жылы 1/8 финалда Данияның қақпасына төрт гол соғып, Испанияның ірі жеңісіне (5:1) үлкен үлес қосты.
Карьерасының көп бөлігін "Реал Мадридте" өткізді. 1995 жылы ғана клубтан кетіп, үш маусым Мексиканың "Атлетико Селая" клубында ойнады.
Бес фильмге түсті, бесеуінде де өз өзін сомдады.
Қазір "Реал Мадрид" клубының вице-президенті.
Жетістіктері
Командалық Реал Мадрид
Испания чемпионы: 1986, 1987, 1988, 1989, 1990, 1995 Испания суперкубогы: 1988, 1990, 1993 Испания лига кубогы: 1985 Испания кубогы: 1989, 1993 УЕФА кубогы: 1985, 1986
Жеке
Испания чемпионатының үздік мергені: 1991 (19 гол) ӘЧ "Күміс бутсысы": 1986
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (bdfutol.com сайтында)
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары