Таврия футбол клубы () — Украинаның футбол клубы. 2014 жылға дейін базасы Симферопльде болды. 1958 жылы құрылған. Украинаның тұңғыш чемпионы (1992). Қазіргі таңда Украина екінші лигасында (үшінші дивизион) ойнайды.
Тарихы 1958 жылы "Авангард" деген атаумен құрылды.
1973 жылы бірінші лигаға жолдама алды. 1981 жылы бір ғана маусымды КСРО жоғары лигасында өткізді де, 17-орында қалып, бірінші лигаға түсіп кетті. Содан қайтадан жоғары лигаға оралмады.
Украина жеке чемпионатын өткізе бастаған уақытта бірден жоғары лигада ойнады да, 1992 жылғы тұңғыш біріншілікте жеңімпаз атанды.
2014 жылға дейін үзіліссіз Украина Премьер-Лигасында ойнады. 2014 жылы Қырым түбегі Ресейге өткен соң клуб тарады да, базасы Бериславқа көшіріліп, 2016 жылы әуесқой клуб ретінде қайта құрылып, "Таврия Берислав ФК" деп аталды. 2017 жылы жазда кәсіпқой клуб статусын алды.
Жетістіктері
Украин КСР
Чемпионат Жеңімпаз (3): 1973, 1985, 1987 2 орын (1): 1986 3 орын(2): 1962, 1972 Кубок Жеңімпаз (1): 1974 Финалист (1): 1975
КСРО
Бірінші лига Жеңімпаз (1): 1980
Украина
Чемпионат Чемпион (1): 1992 Кубок Жеңімпаз (1): 2010 Финалист (1): 1994 Суперкубок Финалист (1): 2010
Халықаралық
Интертото Финалист (1): 2008
Сілтемелер Ресми сайты Профилі Профилі Профилі
Санат:Украина футбол клубтары