«Әл-Хилал» (ар. نادي الهلال السعودي) — Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы футбол клубы, 1957 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын Фахд Падища атындағы стадионда өткізеді, сыйымдылығы 70 000 адам. Қазіргі күнде Сауд Арабиясының Про-Лигасында (жоғары дивизион) ойнайды.
Елдегі ең титулды клубтардың бірі, сол себепті клубтың лақап аты — "көшбасшылар".
Жетістіктері Ұлттық Сауд Арабиясы чемпионы (19): 1976/77, 1978/79, 1984/85, 1985/86, 1987/88, 1989/90, 1995/96, 1997/98, 2001/02, 2004/05, 2007/08, 2009/10, 2010/11, 2017, 2018, 2020, 2021, 2022, 2024 Сауд Арабиясы Падищасының кубогы (11): 1961, 1964, 1980, 1982, 1984, 1989, 2015, 2017, 2019–20, 2022–23, 2023–24 Сауд Арабиясы Падищасының мұрагерінің кубогы (13): 1963–64, 1994–95, 1999–00, 2003, 2004–05, 2005–06, 2007–08, 2008–09, 2009–10, 2010–11, 2011–12, 2012–13, 2015–16 СФФ (Сауд Арабиясы Футбол Федерациясының) кубогы (7): 1986/87, 1989/90, 1992/93, 1995/96, 1999/00, 2004/05, 2005/06 Суперкубок (5): 2015, 2018, 2021, 2023, 2024
Халықаралық АФК Чемпиондар Лигасы (4): 1991, 2000, 2019, 2021 Азия кубок иелері кубогы (2): 1997, 2002 АФК Суперкубогы (2): 1997, 2000 Араб Чемпиондары кубогы (2): 1994, 1995 Араб кубок иелері кубогы (1): 2000/01 Араб суперкубогы (1): 2001 Араб-Мысыр суперкубогы (1): 2001 Парсы шығанағы клубтар чемпиондары кубогы (2): 1986, 1998
Дереккөздер
Сілтемелер
Ресми сайты
Санат:Сауд Арабиясы футбол клубтары