Шоқпар — Жамбыл облысы Шу ауданындағы ауыл, Шоқпар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Төле би ауылынан шығысқа қарай 63 км жерде, Қона өзенінің жағалауында, сұр жусан, баялыш, күйреуік, т.б. эфемерлі өсімдіктер өскен сұр, шалғынды сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1369569 732 128,6 302 402 133,1 267 330 123,6
Тарихы Ауыл 1954-1997 жылдары қой өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Шоқпарда ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
Дереккөздер
Санат:Шу ауданы елді мекендері