Игорь Николаевич Стасевич (; 21 қазан 1985 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/55461, Борисов, Беларусь КСР, КСРО) — беларусь футболшысы, жартылай қорғаушы. Беларусь чемпионаттары тарихындағы үздік ассистент, соңғы он жылдықтағы Александр Глебпен бірге Беларустің үздік футболшысы саналады.

Карьерасы 2002 жылы кәсіпқой карьерасын туған қаласындағы БАТЭ сапында бастады. 2004 жылға дейін фарм-клубында ойнап, 2004 жылы Беларусь чемпионатындағы тұсаукесер ойынын өткізді. 2005 жылғы маусым барысында негізгі құрамға орнығып та алды.

2010 жылы жазда Ресей бірінші дивизионында ойнайтын "Волга" (Төменгі Новгород) клубына ауысты. Маусым соңында "Волга" премьер лигаға жолдама алды, бірақ Игорь қыста клубтан кетіп, "Гомель" сапына қосылды.

2011 жылы желтоқсанда "Динамо" (Минск) клубына ауысып, екі маусым ойнады. 2015 жылы қаңтарда БАТЭ-ге қайта оралды.

Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 2007 жылы 22 тамызда Израильге қарсы өткізді.

2009 жылы 1 сәуірде Алматыда Қазақстан қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл ойында Беларусь 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Жетістіктері

Командалық

БАТЭ

Беларусь чемпионы (9): 2006, 2007, 2008, 2009, 2010, 2015, 2016, 2017, 2018 Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері: 2004 Беларусь кубогы (3): 2005/06, 2009/10, 2014/15 Беларусь кубогының финалисі: 2006/07 Беларусь суперкубогы (4): 2010, 2015, 2016, 2017

«Гомель»

Беларусь чемпионатының қола жүлдегері: 2011 Беларусь кубогы: 2010/11

«Динамо» (Минск)

Беларусь чемпионатының күміс жүлдегері: 2014 Беларусь кубогының қола жүлдегері (2): 2012, 2013 Беларусь кубогының финалисі: 2012/13

Жеке

Беларусь жыл футболшысы (2): 2015, 2018 Беларусь чемпионатының үздік футболшысы (4): 2014, 2015, 2016, 2018 Беларусь чемпионатының үздік жартылай қорғаушысы (3): 2016, 2017, 2018 Беларусь чемпионатындағы үздік 22 : 2007, 2008, 2011, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018 Сергей Алейников клубының мүшесі: 2018. Беларусь чемпионатындағы ең пайдалы футболшы: 2018 Еуропа лигасының үздік ассистенті: 2018/19

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі мен статистикасы

Санат:Беларусь футболшылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:БАТЭ ФК ойыншылары Санат:Волга Төменгі Новгород ФК ойыншылары Санат:Гомель ФК ойыншылары Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Шахтер Солигорск ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары