Ақөзек – Балқаш көлінің солтүстігінде, Арқарлы (892 м) тауларының батысындағы аңғар.
Географиляқ орны Абай облысы Аягөз ауданында. Батысында Ақирек, солтүстігінде Қайрақтас, оңтүстігінде Керегетас (732 м), Қалмақеміл таулары орналасқан. Аңғар бойының қоңыр топырағында жусан, баялыш, астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Тау етегінде көптеген бұлақтар бар. Олар мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты
Дереккөздер
Санат:Қазақстан аңғарлары Санат:Абай облысы географиясы